кіру - тіркелу | myslivets.com | рус - eng - укр - бел - қаз | басқа жобалар

LunaStore

время подавать напитки и вершить судьбы
LunaStore
Мен қайда келдім? Бұл не?

LunaStore - бағдарламалар мен ойындардың баламалы «дүкенінің» бір түрі. Қазіргі уақытта Windows XP дәуірін мақсат етіп отырмыз.

«Дүкенінің» неге тырнақшаға алынған?

Біз жанкүйерлер сайтымыз және бұл үлкен дүкенге айналады деп ойламаймыз. Дегенмен, кім білсін. Алайда сол жақ мәзірдегі жарнама мүлдем байыпты емес, ал жобаның өзі - ортақ хобби ретінде.

'Ортақ хобби' дегеніміз не?

Сенбейсің. Бұл жобамен ортақ идеясы бар көптеген жанашыр адамдар жұмыс істеді.

Оларды тізімдеудің дәл уақыты:
Daniel Myslivets - идея авторы, дизайн, интерфейс бетін құрастыру (frontend)
eversiege, rotama, thefoxmilya - кадр сыртындағы жұмыс, CDN, ішкі Git
fayzetwin, filldor, notsecret808 - негізгі backend-әзірлеуші, API
ZAZiOs - backend-әзірлеуші (Go)
synzr - backend әзірлеу, кеңес беру және шабыт
flydelick - әзірлеуші
MondySpartan - логотип

Сондай-ақ басқа әзірлеушілерге алғыс білдіреміз:
nocha3 - Windows XP үшін нативті клиент
chelka0 - сайттың сыртқы көрінісін безендіру

Тестерлерді де ұмытпаймыз:
mryoshi, akaremii26, madebydimas, koke228, Starik1500, LGRN Arts, im_Ry0 (special thanks), pregko, veselcraft, ilarion3310, aliew, dimawhite05, mws, d3nkyu2u, ersn

Аудармашылар туралы:
fayzetwin, Daniel Myslivets - RU
eversiege, the 9456th - EN
the 9456th - BY
mikuryzen, beshbarmak_pie, mryoshi - KZ
Starik1500, akaremii26, llarion3310 - UA

Мұнда қалай тіркелгі жасауға болады?

Сайттың жоғарғы жағындағы "тіркелу" түймесін басыңыз

LunaStore аккаунтының болуы не береді?

Аккаунт арқылы сіз қолданбаларға өз пікіріңізді қалдыра аласыз, осы дамып келе жатқан қауымдастықта өзіңізді таныта аласыз және қатаң модерациядан кейін өз қолданбаларыңызды жалпы каталогқа жүктей аласыз

Жарайды, ал бұған қосымшаны қалай қосуға болады?

Әзірше мүмкін емес. Біз тек бастап жатырмыз, сондықтан бағдарламалық жасақтаманы өз тізімімізден алып жатырмыз. Осы беттегі жаңартуларды қадағалаңыз.

"Хмм, бұл заңды ма?"

Бұл сұрақты әдетте бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші қояды. Алайда, егер сізді бағдарламаңыздың ескі нұсқасының осы сайтта бар болуы қатты мазаласа, бізбен электронды пошта арқылы хабарласа аласыз. Бірақ біздің жағдайымызды түсініп, жобаның мақсатын ұғынасыз деп сенеміз.

Бұл сайт не үшін бар?

Тамаша сұрақ. Бәрі жобаға қатысушылардың бірінде ескі бағдарламалық жасақтамасы бар бір сайтқа 3D Windows XP скринсейверін жүктеу ниетінің пайда болуынан басталды, оны іс жүзінде өте аз адам көрген және веб-архивте әрең сақталған.
Жүктелгеннен кейін екі күн өткен соң, скринсейвер «сайт тақырыбына сәйкес келмейді» деген себеппен сайттан жойылды. Ал «онда неге сайттарыңызда ХР образдары сақтаулы тұр?» деген сұраққа әкімшіліктен ешкім нақты жауап бере алмады.

Ештеңе етпейді, біз мүлдем ренжімедік және бәсекелескіміз келмейді, жай ғана өз кішкене каталогымызды жасауды жөн көрдік :3

Соңғы жаңарту: 18.05.2026